Бақшаішілік семинар
2025 жылдың 17 қазан күні бөбекжайда "Балабақшада заттық дамытушылық ортаны ұйымдастыру ерекшелігі" тақырыбында әдіскер Б.Кожанова педагогтар арасында бақшаішілік семинар өткізді.
Мақсаты: балабақша педагогтарының мектепке дейінгі білім беру стандартына сәйкес топтарда заттық дамытушылық орта құруға негіз болатын теориялық білімдерін тиянақтау.
Міндеттері: мектепке дейінгі білімнің жаңару жағдайында тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру;
- мемлекеттік стандарт талаптарын ескере отырып, балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруға негіз болатын заттық-дамытушы ортаны жобалауға теориялық және практикалық тұрғыда толыққанды дайындықты қамтамасыз ету;
- бөбекжайдың жас ерекшелік топтарына сәйкес заттық дамытушы ортаны жлбалау және болжам жасау біліктілігін қалыптастыру.






