Тұмау маусымында қауіпсіздік шаралары

14.10.2025

Тұмау ауруы таралатын маусымда денсаулықты сақтау мақсатында бөбекжай медбикесі К.К.Казбекова қызметкерлерімен әңгіме жүргізіп, профилактикалық шаралардың маңыздылығын еске салды.
Ол аурудың алдын алу үшін келесі ережелерді сақтау қажеттігін атап өтті:

  • балалар мен ересектердің иммунитетін дұрыс тамақтану, витаминдер және таза ауа арқылы күшейту;

  • бөлмелерді жүйелі түрде желдетіп, ылғалдандыру;

  • жеке бас гигиенасын сақтау: қолды сабынмен жуу, жеке сүлгілерді пайдалану;

  • дезинфекциялайтын құралдармен ылғалды тазалау жүргізу;

  • тұмауға қарсы екпені дер кезінде балалар мен қызметкерлерге салдыру;

  • алғашқы ауру белгілері байқалғанда дәрігерге қаралу және науқастарды ұжымға кіргізбеу.

Медбике тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана инфекцияның таралу қаупін төмендетіп, тәрбиеленушілер мен ұжымның денсаулығын сақтауға болатынын атап өтті.

Просмотров: 2722


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу